Евгений Федоров: Түбінде Ресейдің постсоветтік елдердің барлығымен соғысуына тура келеді

Ресей депутаты бұған дейін тікелей Қазақстанға қатысты мәлімдемелер жасаған


18/09/2023
12:29 14540 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Евгений Федоров Ресейдің посткеңестік елдердің барлығымен соғысуына тура келетінін мәлімдеді. 

 

Оның айтуынша, постсоветтік елді Кеңес Одағынан заңсыз бөлініп шыққан. Сол себепті бұл Ресейді аймақтық мүддесінің бұзылғаны және алдағы уақытта Ресей бұл елдердің барлығымен соғысады. 

 

– Кеңес Одағынан заңсыз шыққан әрбір ел ерте ме, кеш пе Ресеймен қақтығысады. Олардың кейбіреулерімен қазір соғыспауымыз мүмкін. Мысалы, Беларусьпен. Бірақ кейбіреулерімен қақтығыс қазірдің өзінде басталып кетті. Грузия соғысты, Украина соғысып жатыр. Сондай-ақ, бұл Арменияға да қатысты,  деді ол. 

 

Әзірге Евгений Федоровтың мәлімдемесіне Қазақстан сыртқы істер министрлігі ешқандай реакция танытқан жоқ. 

 

Ресейлік депутат бұған дейін, 2020 жылы «Ресей Қазақстанға жерді сыйға тартқан» деп мәлімдеген. Бұл қоғамда қызу талқыланып, Қазақстан сыртқы істер министрлігі 13 күн өткен соң Федоровтың мәлімдемесіне жауап берген. 

 

– Федоров сөзіне келсек, қазақ ретінде, қазақстандық ретінде бұл намысыма қатты тиеді. [Оларға] орысша жауап берсем "это бред сивой кобылы!” (бос сөз). Мұндай мәселелер көтерілген кезде бірінші кезекте тарихшылар, ғалымдарға сүйенуіміз керек, - деген СІМ Мұхтар Тілеуберді. 

Поделиться

Нет комментариев.

18/09/2023 12:29
14540 0

Уведомление